2025 жылдың 28-31 қазан күндері аралығында педагог қызметкерлердің қатысуымен «Туризм техникасы мен тактикасының апталығы» өткізілді. Апталық барысында педагог қызметкерлер туристік керек-жарақтар мен (арқан, карабин, түйін түрлері т.б.) таныстырып оны дұрыс пайдаланудың, әдіс-тәсілдерімен, қатар кедергілер жолағы мен ұйымдастырудың техникасы мен тактикасын, туристік түйіндерді байлау, жасанды жартасқа өрмелеудің негізгі әдіс тәсілдерін үйреніп жаттықты. Сонымен қатар 31 қазан күні Сайрам су шатқалына бір күндік және көп күндік жорық ұйымдастырып өткізудің әдіс тәсілдерін оқып-үйрену көшпелі тәжірибелік жаттығу сабығы ұйымдастырылып өткізілді. Сабақ барысынды туристік тұрмыс, жорық кезіндегі жарақаттанған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету, маршруттық бағытпен жаяу жорықты ұйымдастыру бойынша тәжірибелік сабақтар өтті.