«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ 03.10.2024 жылғы №196 н/қ бұйрығына сәйкес білім алушылардың азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау, оқу-практикалық жұмыстарға машықтандыру мақсатында 2024 жылдың 17-18 қазан күндері мекемеде «Дүниежүзілік туризм күніне арналған үйірмешілер арасындағы туристік жарысы» өткізілді.

Туристік жарысқа үйірме топтарының 11-15 жас аралығындағы білім алушылар қатысты:

Үйірмесі Команда атауы
1«Жас гид экскурсовод»«Экогид»
2«Жас өлкетанушы экскурсовод»«Сұңқар»
3«Жас зерттеуші»«Меридиан»
4«Жас турист өлкетанушы»«Алаш»
5 «Жас натуралист»«Сұңқар»
6«Жас өлкетанушы географ»«Жалын»
7«Жас турист нұсқаушы»«Өлке турист»
8«Жас құтқарушы турист»«Экотурист-2»
9«Жас натуралист»«Қыран»
10«Жас құтқарушы»«Жастар»
11«Велотуризм»«Велотурист»
12«Жас турист»«Болашақ туристер»
13«Жасыл клуб»«Жас эколог»
14«Тау туризмі»«Барыс»
15«Жас өлкетанушы»«Көшпенділер жолы»
16«Жасыл желек»«Табиғат сақшылары»
17«Экология ландшафтану»«Қран»
18«Жаяу туризм»«Жаяу туризм»
19«Жас географ»«Жалын»
20«Жасыл клуб»«Жасыл клуб»
21«Жас өлкетанушы экскурсовод»«Қыран»

Жарысқа қатысушылар келесі номинациялар бойынша сайысқа түсті:

1. «Туристік кедергілер жолағы» номинациясы – төрт кезеңнен тұратын         

          туристік кедергілер жолағынан өту байқауы:

          1) тік маятник;

          2) паралель жіп;

          3) аспалы өткел;

          4) бурелон;

3. «Туристік түйіндерді байлау» номинациясы.

4. «Топографиялық шартты белгілер» номинациясы. 

Жүлде дәрежесіЖеңімпаз команданың атауыҮйірмесі
«Туристік кедергілер жолағы» номинациясы бойынша
1І орын«Барыс»«Тау туризмі»
2ІІ орын«Экотурист-2»«Жас құтқарушы турист»
3ІІІ орын«Жаяу туризм»«Жаяу туризм»
«Туристік түйіндер» номинациясы бойынша
4І орынТасболат Еңлік«Жас құтқарушы турист»
5ІІ орынАбдумажит Амина«Жаяу туризм»
6ІІІ орынҚайбуллаева Кәусар«Велотуризм»

Төрешілер алқасының шешімімен (хаттама негізінде) номинациялар және жалпы командалық орындар бойынша төмендегі көрсетілген командалар  жеңімпаз деп танылды:

Іс-шараны өткізуге Іс-шара Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Vizit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» КММ, №132 жалпы орта білім беру мектебі, З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп лицейінің мамандарының  белсенді атсалысып, жарысқа төрешілік жасады.

Іс-шараға қатысушылардың жалпы саны – 160 адам (оның ішінде үйірме білім алушыларын – 126, жетекшілер – 17, қазылар алқасы – 5, ұйымдастырушылар – 12).

Іс-шараның қорытындысы мекеменің Facebook әлеуметтік парақшасына жарияланды

Туризм бөлімінің меңгерушісі Керимбеков Мухтар Капанович