Шымкент қаласы білім басқармасының 2024 жылдың 13 қыркүйектегі №400 н/қ бұйрығына сәйкес балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  2024 жылдың 25-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-экспедициялық жасақтардың республикалық слеті өтті.

Республикалық слетке Шымкент қаласы атынан «Экотурист» командасы қатысты.

Слет төмендегі кезеңдер бойынша өтті:

1. «Ат туризмі» номинациясы. 

2. «Туристік маршруттар» номинациясы.

3. «Туристік кедергілер жолағы» номинациясы – төрт кезеңнен тұратын туристік кедергілер жолағынан өту байқауы:

1) аспалы өткелді бағыттау;

2) параллель таяныштар;

3) маятник;

4) алғашқы медициналық көмек

4. «Жартасқа шығу» номинациясы

5. «Туристік әндер» байқауы

Іс-шара барысында «Ат туризмі» номинациясы бойынша №46 мектеп лицейдің 10 сынып оқушысы Ұзақбай Нұрай Өмірбекқызы, «Туристік маршруттар» номинациясы бойынша №46 мектеп лицейдің 10 сынып оқушысы Сатылхан Балнұр Есимбекқызы қатысты.

«Туристік кедергілер жолағы»  мен «Жартасқа шығу» номинацияларына «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ «Жас құтқарушы турист» үйірмесінің «Экотурист» командасы қатысты. Жетекшісі Лауланбекова Айкен Махаметалиевна.

«Туристік әндер» байқауына Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Байданов Батырхан  Нұрғазыұлы қатысты.

Іс-шараға республика бойынша 180 бала қатысты. Барлық қатысушылар Алматы қаласы «Өрнек» лагерінде орналастырылды.

Іс-шара «Ат туризмі» номинациясы, «Туристік маршруттар» номинациясы, «Туристік кедергілер жолағы» номинациясы, «Туристік әндер» байқауы Алматы қаласы, Оқушылар сарайында өткізілсе, «Жартасқа шығу» номинациясы Спорттық туризм және альпенизм федерациясында өтті.

Нәтижесінде «Туристік әндер» байқауы бойынша Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Байданов Батырхан  Нұрғазыұлы ІІІ дәрежелі орынға ие болды. Слет жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Слетке қатысқан оқушыларға сертификаттар, топ жетекшілеріне Алғыс хаттар үлестірілді.

Іс-шараның қорытындысы мекеменің сайтына, әлеуметтік желілеріне (facebook, Instagram) жарияланды.