Шымкент қаласы білім басқармасының 14.05.2024 жылғы №211 н/қ бұйрығына сәйкес балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау, оқу-практикалық жұмыстарға машықтандыру мақсатында «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2024 жылдың 18-20 мамыр күндері аралығында Сайрам ауданы, Құтарыс елді мекені «Ақсу» сауықтыру лагерінде «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың қалалық слеті өткізілді.

Слетке жалпы 12-17 жас аралығындағы оқушылардан құралған, ауданаралық кезеңнен іріктелініп алынған 20 білім беру мекемелері (команда) қатысты:

Р/сМектеп атауы
1№55 жоббм «Жалын»
2№135 жоббм «Болашақ»
3№1 Оқушылар сарайы «ЖасСтар»
4Р.Мырзашева ат.№76 ном «Алем»
5Д.И.Менделеев ат. №15 м/л «Терра»
6Ж.Аймауыиов ат.№64 м/г «Травель жастар»
7Ш.Уалиханов ат. №18 жоббм «Алаш жастары»
8№46 м/л «Арлан»
9А.Батыр ат.№40 м/г «Барыс»
10Фуркат ат.№37 жоббм «ЭкоПатруль»
11Ю.Гагарин ат. №34 жоббм «Қарлығаш»
12№68 жоббм «Барыс»
13«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ «Экотурист»
14№97 жоббм «Эко дос»
15Сағадат Нұрмағамбетов  ат.№72 жоббм «Сағадат балдары»
16№79 жоббм «Тұран»    
17Ю.Сареми ат.№107 м/л «Сайрам»   
18С.Ерубаев ат.№24 м/л «Саттар жұлдыздары»
19№86 жоббм «Хан тәңірі»
20З.Космодемьянская ат. №23 м/л «Қыран»

Слетке қатысушыланы келесі номинациялар бойынша сайысқа түсті:

1. «Ат туризмі» номинациясы. Іздеу-зерттеу жобаларының тұсаукесері: ат туризмін дамыту перспективалары (1 қатысушы).

2. «Туристік маршруттар» номинациясы. Қатысушы маршруттың тақырыбына сәйкес бірқатар көрікті жерлерге баруды көздейтін туристік маршруттар (туристік қызмет субъектісі нақты айқындаған жаяу туристік саяхаттар, жорықтар маршруттары (ұзындығы кемінде 100 км, саны 5 және одан да көп күн, далалық жағдайда тұра отырып, автономды түрде) тарихи, сәулеттік, мәдени, рухани, табиғи және т.б ұсынылуы тиіс. (1 қатысушы).

3. «Туристік кедергілер жолағы» номинациясы – төрт кезеңнен тұратын туристік кедергілер жолағынан өту байқауы:

1) аспалы өткел;

2) параллель таяныштар;

3) алғашқы медициналық көмек.

4. «Туристік түйіндер» номинациясы – туристік түйіндерді байлау.

Қатысушы байқау төрешісінің бұйрығы мен нұсқауы бойынша аталған туристік түйіндерді кезекпен байлайды, барлығы 12 негізгі түйін (2 қатысушы, 1 бала, 1қыз).

5. «Туристік әндер» байқауы. (1 қатысушы) нөмірден көрсетеді. Негізгі музыкалық аспап – домбыра, гитара

Төрешілер алқасының шешімімен (хаттама негізінде) төмендегі көрсетілген білім беру мекемелері (командалар) жеңімпаз деп танылды:

ОрындарЖеңімпаз мекеме
«Ат туризмі» номинациясы
1І орын№46 м/л
2ІІ орынСағадат Нұрмағамбетов  ат.№72 жоббм
3ІІІ орынЮ.Гагарин ат. №34 жоббм
«Туристік маршруттар» номинациясы
4І орын№46 м/л
5ІІ орын«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ
6ІІІ орынЗ.Космодемьянская ат. №23 м/л
«Туристік әндер» номинациясы
7І орынС.Ерубаев ат.№24 м/л
8ІІ орын№86 жоббм
9ІІІ орын№1 Оқушылар сарайы
«Туристік түйіндер» номинациясы
10І орын№55 жоббм
11ІІ орын«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ
12ІІІ орынД.И.Менделеев ат. №15 м/л
«Алғашқы медициналық көмек» номинациясы
13І орын«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ
14ІІ орын№97 жоббм
15ІІІ орынЖ.Аймауыиов ат.№64 м/г
«Туристік кедергілер жолағы» номинациясы
16І орын«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ
17ІІ орын№135 жоббм
18ІІІ орын№97 жоббм
«Жалпы командалық орындар»
19І орын«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ
20ІІ орын№46 м/л
21ІІІ орын№55 жоббм

Іс-шара Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік  Қазақстан университеті, «Авиценна атындағы жоғары  медициналық колледжі» ЖШС, Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» КММ, №132 жалпы орта білім беру мектебінің мамандарының төрешілік жасауымен өткізілді.

Сонымен қатар іс-шараған жақсы өнер көрсетіп жүлделі орынға ие болмаған командаларға және жетекшілеріне Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің демеушілік жасауымен грамоталармен мен алғыс хаттар, ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Іс-шара барысы «Айғақ» телеарнасының жаңалықтарынан көрсетіліп, мекеменің әлеуметтік желілеріне (Facebook, Instagram) жарияланды. «Шымкент келбеті» газетіне жариялануға ұсынылды.

Іс-шараға қатысушылардың жалпы саны – 780 адам (оның ішінде оқушылар – 180, жетекшілер – 40, қазылар алқасы – 10, сайрам аудандық төтенше жағдайлар департаментінен – 3, үйірме білім алушылары – 30, ұйымдастырушылар – 17, ауданаралық слетке қатысушылар саны – 500).

Қалалық слеттің жеңімпаздарынан іріктелеген топ Шымкент қаласы атынан 2024 жылдың қыркүйек айында өтетін республикалық слетке қатысады.