25 қазан Республика күні мерекесіне орай, республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласы білім басқармасының қолдауымен «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ ұйымдастыруымен 23-қазан күні №143 жалпы орта білім беретін мектебінде «Менің атаулы ағашым» экологиялық ағаш егу акциясы өткізілді.

Акцияның ашылу салтанатына Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ, «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша экология департаменті» РММ, «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ А.Асқаров атындағы мемлекеттік  дендрологиялық саябағы МКҚК, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы ММ, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімшілігі, «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ-нің мамандарымен қызметкерлері және Тұран ауданының билері мен мектеп оқушылары қатысып келешек мектеп білім ордасының гүлденуіне өз үлестерін қосты.

Іс -шара барысы әлеуметтік желісіне (facebook)  жарияланды:

https://www.facebook.com/share/p/14LfABtMmzd

Акцияның ашылу салтанаты 23 қазан күні «Отырар», «Айғақ»  телеарналарының жаңалықтар бөлімінде  көрсетілді:  

25-қазан  күні  «ONTUSTIK» телеарнасының жаңалықтар бөлімінде көрсетілді:

Жалпы акция барысында 460 түп көшет отырғызылды, 300-адам қатысты.