2025 жылдың 06 қараша күні үйірме білім алушылары арасында «Сенің әділ шешімің» жағдаяттарды талдау тренигі өткізілді. Мекеменің үйірме білім алушыларына тақырыпқа байланысты адалдық пен әділдік адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің жиынтығы екенін презентация арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар әділдік, адалдық, достық, шынайылық туралы бірнеше тапсырмалар мен ситуациялық сұрақтармен білім алушыларды қызықтырып, пікір алмасу арқылы сабақтың тақырыбын ашты. Қатысушы білім алушылар өз ойларын ашық жеткізді. Сабаққа қатысушылар «Менің көңіл күйім» тест, «Әділдікке бастар жол» тапсырмасы, «жағдаяттарды талдау», «Менің әділ шешімім» деген бірнеше тапсырмаларды орындап, өздерінің ойларын ашық жеткізе алды. Қатысқан үйірме білім алушылар сабаққа белсенді түрде қатысып, өздерінің әділдік, достық, адалдық, шынайылық туралы білімдерін нығайтты. Сабақтың соңында «Тілек ағашы» рефлексияберіліп, сол сабақтан алған білімдерін және әділдік пен достық қарым-қатынас арқылы бір-біріне тілектерін жазып, тілек ағашына жабыстырып, сабақты қорытындылады.