Шымкент қаласы білім басқармасының 2026 жылғы 18наурыздағы №224 н/қ бұйрығы негізінде білім алушылардың көркем өнер, шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру, балаларды қосымша біліммен қамту мен оқу-тәжірибелік жұмыстарға машықтандыру мақсатында 01-03сәуір күндері «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының қалалық кезеңі «Бейнелеу өнері» мұражайында өткізілді.

Көрме-байқауға Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен қосымша білім беру мекемелерінің 11-17 жас аралығындағы білім алушылары қатыстырылды.

Көрме-байқауға түскен жұмыстар саны – 558 оның ішінде тоқыма бұйымдары – 229, ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу – 89, металды көркемдеп өңдеу – 34, ағаштан, тастан, металдан, саздан мүсіндер жасау – 52, ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдер үлгісінен – 48, қағаздан бұйымдар жасау – 79, ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы – 27.

Көрме-байқау 7 номинация бойынша өтті:

1. «Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, батик, киіз басу, құрақ пластикасы» номинациясы;

2. «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш)» номинациясы;

3. «Металды көркемдеп өңдеу» номинациясы;

4. «Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), металдан (зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» номинациясы;

5. «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясы;

6. «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше» номинациясы;

7. «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т. б.» номинациясы.

01 сәуір күні Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейінің, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан унверситетінің,  Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің, Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің, Саз колледжінің мамандарынан құралған қазылар алқасы көрме-байқауының жұмыстарын сараптап жеңімпаздарды анықтады.

02 сәуір күні мектеп оқушылары мен жетекшілері және қосымша білім беру мекемелерініңбілім алушылары көрме-байқауының жұмыстарын тамашалады.

03 сәуір күні көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Қазылар алқасының шешімімен (хаттама негізінде) төменде көрсетілген оқушылар жеңімпаз деп танылды:

Жүлде дәрежесіОқушының  аты -жөніМекеме атауы
«Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, ботик, киіз басу, құрақ пластикасы» номинациясы бойынша
1І-орынСейтқалы ЖТ.Тәжібаев ат. №47 м/г
2ІІ-орынӨсербай С№66 «Қазығұрт» жоббм
3ІІ-орынТөре АЫ.Алтынсарин атындағы №65 м/г
4ІІІ-орынИбраимхан А№82 К.Қасымұлы ат.жоббм
5ІІІ-орынАрқабай К№105 Мукими атындағы жоббм
6ІІІ-орынҚалдарбек ӘЫ.Алтынсарин атындағы №65 м/г
«Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш)» номинациясы бойынша
7І-орынМахмуд З№90 ДБФМ м/г
8ІІ-орынШынысылбек НМ.Маметова №35 жоббм
9ІІ-орынКендирбеков Н№79 жоббм
10ІІІ-орынНазарбаев Д№92 жоббм
11ІІІ-орынЛи ДТ.Тәжібаев атындағы №47 м/г
12ІІІ-орынБатырхан А№135 жоббм
«Металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу» номинациясы бойынша
13I-орынЕсенәлі А№90 ДБФМ м/г
14II-орынАзаматова Д№92 жоббм
15II-орынҚұрманғазы НМ.Әуезов атындағы №96 жоббм
16III-орынЕрсінбек У№133 жоббм
17III-орынҚұралбек Н№147 жоббм
18III-орынОмар Х№62 Н.Төреқұлов атындағы жоббм
«Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), металдан (зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» номинациясы бойынша
19I-орынТуманов А№129 жоббм
20II-орынМақсат М№52 м/г
21II-орынКугенбай АС.Нұрмағамбетов ат. №72 жоббм
22III-орынАзимбаев А№2 Оқушылар сарайы
23III-орынОрынбеков С«ZIYATKER TURAN»
24III-орынСерікбай А№151 жоббм
«Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясы бойынша
25I-орынЖаркимбек АА.Асқаров атындағы №77 м/л
26II-орынЗаттар КС.Нұрмағамбетов ат. №72 жоббм
27II-орынКеримбаева КТажібаев атындағы №81 жоббм
28III-орынКамашева Д№150 жоббм
29III-орынБекайдар Ж№143 жоббм
30III-орынЕген М№142 жоббм
«Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше» номинациясы бойынша
31I-орынСайфулаева СГагарин атындағы №34 жоббм
32II-орынРайс БЛерментов атындағы №17 жоббм
33II-орынКөшербай№133 жоббм
34III-орынРавшанбекова ТЮ.Сареми атындағы №107 м/л
35III-орынСейтқұл АБалалар көркем сурет мектебі
36III-орынЕрмекқызы Ү№143 жоббм
«Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т. б.» номинациясы бойынша
37I-орынУалихан АЖ.Аймауытов атындағы №64 м/г
38II-орынАбдулла АЭӨ және ТО
39II-орынӘбдімәулен НЖолдасбеков атындағы№9 IT лицей
40III-орынШвидунова А Мироненко ЕО.Жандосов атындағы №30 жоббм
41III-орынЖумабекова АМакаренко атындағы №41 м/л
42III-орынҚанатқызы ЕШ.Уалиханов атындағы №18 жоббм

Көрме-байқауға түскен Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, ботик, киіз басу, құрақ пластикасы» номинациясы мен «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация» номинациясының жұмыстары мазмұнды, сапалы орындалуымен ерекше болды. Жалпы байқауға қатысқан барлық білім алушылардың жұмыстарының орындалу деңгейі жоғары болды.

Көрме-байқауына қатысқан жұмыстар арасынан жеңімпазды анықтау үшін құрылған қазылар алқасы құрамында кәсіби қолөнер шеберлері мен суретшілер, дизайнер мамандары жұмыс жасады.

Жеңімпаз атанған оқушылар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Көрме-байқауға қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Іс-шараға жалпы  қатысушылар саны – 1545 (оның ішінде – 684көрме-байқауына қатысушылар, 741 – көрме-байқауының жұмыстарын тамашалаушылар, 120 – марапаттау рәсіміне қатысушылар).

Қалалық көрме-байқауының жеңімпаздары Шымкент қаласы атынан сәуір айының 15-17 күндері  Астана қаласында қашықтықтан өтетін республикалық көрме-байқауына қатысады.

Көрме-байқауы туралы «Отырар» ТВ теларнасының «Жаңа күн» бағдарламасының тікелей эфиріне «Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, ботик, киіз басу, құрақ пластикасы» номинациясы бойыншаI-орын алған Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының оқушысы Сейтқалы Жібек және оның жетекшісі Р.Ташкенбаева мен мекеменің бөлім меңгерушісі М.Керимбеков«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауыныңқалалық кезеңінің ұйымдастыру және өткізу барысы туралы сұқбат беріп қайтты.

«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауыныңқалалық кезеңі өз дәрежесінде ұйымдастырылып өткізіліп, фото-суреттері мекеменің Facebook, Instagramжұмыс парақшасына күнделікті жарияланып отырды. Сонымен қатар 2026 жылдың 01-03 сәуірде «Айғақ» ТВ телеарнасының жаңалықтар бөлімінен көрсетілді.

https://www.instagram.com/reel/DWlW54JikPr/?igsh=MTNoZzA4YXg2aTNqZg==
https://www.instagram.com/reel/DWoRI6ICqOJ/?igsh=MXkwemxyNTV1eW45dg==
https://www.instagram.com/reel/DWqv2v5CiCo/?igsh=MTNoeWxheWp2ZDRncQ==
https://www.instagram.com/p/DWqyqKWis_g/?igsh=dzZ4cHZraHhqcGJh
https://www.instagram.com/p/DWqzQoTitoG/?igsh=MTYyZnYzNHFhczh1bw==
https://www.instagram.com/p/DWq_zQxl7tQ/?igsh=MWx4MG1iZm1uZHJkcA==
https://www.instagram.com/p/DWrAqWfF72f/?igsh=MTZwZHdzbGZzNjZ2Ng==
https://www.instagram.com/p/DWrCodOl7HV/?igsh=ZnJrZ2Y1NXl5ZGx3