«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қалалық форумы
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қалалық форумы
Шымкент қаласы білім басқармасының 17.04.2026 жылғы №298 бұйрығының негізінде «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2026 жылғы 23-24 сәуір күндері «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының қалалық кезеңі өтті.
Форумға Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен қосымша білім беру мекемелерінің 12-17 жас аралығындағы білім алушылары қатыстырылды.
Форум келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1. «Жасыл идея»номинациясы – қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған технологиялар;
2. «Болашаққа көзқарас» – экологиялық білім беру жобалары, волонтерлік жобалар және қоғамдық ұйымдардың іс-шаралары;
3. «Инновациялық экологиялық бизнес-идеялар» номинациясы –тұрақты бизнесті дамыту, экологиялық таза технологиялар мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар;
4. «Жасыл сахна» номинациясы – оқушылардың қатысуымен өзекті экологиялық мәселелерді креативті әрі тартымды театрландырылған формада бейнелеуге арналған бейнероликтер байқауы. Театрландырылған қойылымға тек 4 қатысушы қатысады. Қатысушылар сценарийді, кейіпкерлердің бейнелерін, костюмдерін және сахналық безендіру элементтерін өз бетінше әзірлейді. Дайын театрлық костюмдерді қолдануға тыйым салынады.
5. «Экоблогер» әлеуметтік бейнероликноминациясы– экология тақырыбында әлеуметтік желілерге арналған ағартушылық және қоғамдық пікір қалыптастырушы бейнематериалдарды анықтау, қолдау және жасанды интеллект технологияларын саналы қолдануды насихаттау.
6. «EcoCraft-экологиялық қолөнер» номинациясы – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды креативті пайдалану дағдыларын дамыту және қайта өңдеуге болатын материалдардан бұйым жасау арқылы экологиялық жауапкершілікті арттыру.
Жұмыс қайта өңдеуге болатын материалдардан, тұрмыстық қалдықтардан, қаптамалардан, қолданудан шыққан заттардан жасалуы тиіс. Әр қатысушының жұмысы толықтай өз қолымен орындалуы қажет.
Қазылар алқасының шешімімен (хаттама негізінде) төменде көрсетілген оқушылар жеңімпаз деп танылды:
| «Жасыл идея» номинациясы бойынша | |||||
| Р/с | Жүлде дәрежесі | Білім алушының аты-жөні | Жетекшісі | Мектебі | |
| 1 | І-орын | Мейрбекқызы Н | Мырзалиева Г | №89 IT м/л | |
| 2 | ІІ-орын | Әбдіқайым Ә | Адилова А | «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ | |
| 3 | ІІ-орын | Әбдімәулен К | Маханбетова А | Ө.Жолдасбеков ат. №9 IT м/л | |
| 4 | ІІІ-орын | Сейтжаппар Б | Альжанова Н | Ы.Алтынсарин ат. №65 м/г | |
| 5 | ІІІ-орын | Анарбек А | Адилбекова А | №138 ЖОББМ | |
| 6 | ІІІ-орын | ||||
| «Болашаққа көзқарас» номинациясы бойынша | |||||
| Р/с | Жүлде дәрежесі | Білім алушының аты-жөні | Жетекшісі | Мектебі | |
| 1 | І-орын | Байжан А | Әмірәлі Б | №148 ЖОББМ | |
| 2 | ІІ-орын | Бурхан А | Мустафина А | №150 ЖОББМ | |
| 3 | ІІ-орын | Арманжанқызы А | Әсілбек Н | А.С.Пушкин ат №1 м/г | |
| 4 | ІІІ-орын | Құттыбек Ж | Кыраубаева Г | «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ | |
| 5 | ІІІ-орын | Айгалиева А | Уринтаева Д | С.Ерубаев ат. №24 м/л | |
| 6 | ІІІ-орын | Ташпулат Л | Адилбекова А | №138 ЖОББМ | |
| «Инновациялық экологиялық бизнес-идеялар» номинациясы бойынша | |||||
| Р/с | Жүлде дәрежесі | Білім алушының аты-жөні | Жетекшісі | Мектебі | |
| 1 | І-орын | Серікбай М | Ерубаева Ж | №89 IT м/л | |
| 2 | ІІ-орын | Әбек М | Сарыбекова Ә | №132 ЖОББМ | |
| 3 | ІІ-орын | Есімбек Н | Темирбекова М | №133 ЖОББМ | |
| 4 | ІІІ-орын | Марал А | Қайларбек Г | Қамбар батыр мектебі | |
| 5 | ІІІ-орын | Әкімбек А | Мейрбекова Ж | А.Асқаров ат. №77 м/л | |
| 6 | ІІІ-орын | Матай Х | Рахимбеков Н | №135 ЖОББМ | |
| «Жасыл сахна» номинациясы бойынша | |||||
| Р/с | Жүлде дәрежесі | Білім алушының аты-жөні | Жетекшісі | Мектебі | |
| 1 | І-орын | Қалдыбек А | Жумашева А | №88 ЖОББМ | |
| Қаппар Ш | |||||
| Жүніс Қ | |||||
| Полатхан А | |||||
| 2 | ІІ-орын | Сафархан А | Зулфибекова А | Кенесары Қасымұлы ат. №33 ЖОББМ | |
| Мұхтарбек Д | |||||
| Қаражігіт А | |||||
| Берік К | |||||
| 3 | ІІ-орын | Серікбай Қ | Турлыбаева Д | №100 Жұлдыз ЖОББМ | |
| Абдумалик А | |||||
| Ануар Г | |||||
| Құттыбай К | |||||
| 4 | ІІІ-орын | Жанбұршын Р | Нысангалиева М Кожабекова Ж | Гагарин ат. №34 ЖОББМ | |
| Жұмабек А | |||||
| Бармакова А | |||||
| Сүлеймен Ұ | |||||
| 5 | ІІІ-орын | Асқар Ж | Тулепбергенова З | А.Макаренко ат. №41 м/л | |
| Абдуәлі А | |||||
| Байхожаева Д | |||||
| Мұратбекұлы Е | |||||
| 6 | ІІІ-орын | Оралбек Ж | Сулейменова Ж | Ақпан батыр ат. №10 ЖОББМ | |
| Сейдуалы І | |||||
| Тұрлыбай Н | |||||
| Маханбетова Д | |||||
| «Экоблогер» әлеуметтік бейнеролик номинациясы бойынша | |||||
| Р/с | Жүлде дәрежесі | Білім алушының аты-жөні | Жетекшісі | Мектебі | |
| 1 | І-орын | Құрбанбай Н | Баибатшаева Ж | С.Нұрмағамбетов №72 ЖОББМ | |
| 2 | ІІ-орын | Сламбек Ш | Мамытбаева С | К.Қасымұлы ат. №33 ЖОББМ | |
| 3 | ІІ-орын | Бейсенбек Н | Сағындық А | №140 ЖОББМ | |
| 4 | ІІІ-орын | Сайлау Б | Жанибекова Р | №86 ЖОББМ | |
| 5 | ІІІ-орын | Жумабек Б | Сейтова К | №122 Ақжар ЖОББМ | |
| 6 | ІІІ-орын | Расулметов Ж | Мусаева Ч | №139 ЖОББМ | |
| «EcoCraft-экологиялық қолөнер» номинациясы бойынша | |||||
| Р/с | Жүлде дәрежесі | Білім алушының аты-жөні | Жетекшісі | Мектебі | |
| 1 | І-орын | Абибулла З | Маханбетова А | Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT м/л | |
| 2 | ІІ-орын | Сауранбай А | Толегенова А | №122 Ақжар ЖОББМ | |
| 3 | ІІ-орын | Ордабай А | Әмірәлі Б | №148 ЖОББМ | |
| 4 | ІІІ-орын | Сулайман А | Таңатарова А | №88 ЖОББМ | |
| 5 | ІІІ-орын | Назимова А | Жанибекова Р | №86 ЖОББМ | |
| 6 | ІІІ-орын | Лопаева М | Божбанова Б | Фурқат ат. №37 ЖОББМ | |
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қалалық форумға қаламыздағы 80 ге жуық жалпы білім беретін мектептерінен 300 оқушы қатысты.
Форум жеңімпаздары «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаз оқушыларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Іс-шарада «Нұрсәт» өнер мектебі және Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Іс-шараға жалпы қатысушылар саны – 600 (оның ішінде сараптау кезеңге – 300 оқушы, 102 жетекші, 18 қазылар алқасы, ұйымдастырушылар 30 марапаттау рәсіміне – 150 қатысушылар).
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының қалалық кезеңі өз дәрежесінде ұйымдастырылып өткізіліп, фото-суреттері мекеменің Facebook, Instagram жұмыс парақшасына жарияланды.
Қалалық форум жеңімпаздарынан іріктелген топ Шымкент қаласы атынан 2026 жылғы 13-14 мамыр күндері Астана қаласында өткізілетін республикалық форумға қатысады.



