Экология бөлімі

Бөлім қызметкерлері

  1. Исмайлова Жупар Исабековна – бөлім меңгерушісі
  2. Таскетбаева Шолпан Тулбергеновна – әдіскер
  3. Алданова Алтынкул Нәзірқызы – Педагог-ұйымдастырушы

Бөлімнің Қосымша білім беру педагогтары

  1. Алагозова Салтанат Садуаказовна – «Жасыл желек» үйірмесінің жетекшісі
  2. Таубаева Зубайра Рақымқызы – «Жасыл клуб» үйірмесінің жетекшісі
  3. Акбергенова Улдана Калбаевна – «Экология ландшафтану» үйірмесінің жетекшісі
  4. Қалназарова Дина Турабовна – «Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі
  5. Мельницкая Эльвира Юрьевна – «ЭкоПоиск» үйірмесінің жетекшісі
  6. Мустафина Газиза Калимбековна – «Жас флорист» үйірмесінің жетекшісі
  7. Адилова Айша Намиалиевна – «Жас зерттеуші» үйірмесінің жетекшісі
    1. ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

        Әдістемелік кеңес

      отырысы

      Хаттама № ________

      «____»_____2024ж

       

                          БЕКІТЕМІН

                          Экология, өлкетану және туризм

                          орталығы» КММ директоры   

                         ___________  У.Ж.Камытбекова

                         «______»________2024ж

      Шымкент қаласы білім басқармасының

      «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ

       

      Экология бөлімінің

      ЕРЕЖЕСІ

       

      1. Жалпы  ережелер

       

      1. Экология бөлімі Шымкент қаласы білім басқармасының «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
      2. Бөлім туған өлкеміздің экологиясын оқып үйрену, экологиялық іс-шаралар арқылы білім алушылардың экологиялық мәдениеттілігі мен сауаттылығын арттыру.
      3. Бұл ереже Экология бөлімінің негізгі мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын анықтайды.
      4. Экология бөлім өз қызметінде мынадай заңнамаларды басшылыққа алады:
      • Қазақстан Республикасының Конституциясын;
      • Бала құқықтары туралы Конвенцияны;
      • «Қазақстан Республикасының «Экологиялық кодексі»
      • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;
      • Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңын;
      • Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын;
      • Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын;
      • «Педагог мәртебесі» туралы Заңы;
      • «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы»;
      • «Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасы»;
      • Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жж арналған мемлекеттік бағдарламасы (2019ж 31.05 №360 )
      • Педагогдарға біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары;
      • Педагог этикасы туралы ереже;
      • Экология бағытындағы білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету принципін;
      • Экология бойынша оқу бағдарламалық құжаттамаларды;
      • Экология бойынша оқу жабдықтарымен оқу әдістемелік құжаттамалық үлгілік тізбелері;
      • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы іс-әрекет ережелері

      мен нормаларын;

      • Мекеменің Жарғысы  мен құқықтық актілерін;
      • Осы Ережені, мекеменің жоспарларының барлық  түрлерін.
      1. Бөлім қызметі осы Ереже, стратегиялық даму бағдарламасы мекеме директоры бекіткен жылдық, ағымдағы және болашақтағы жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.
      2. Экология бөлімінің ережесіне толықтырулар мен өзгертулер еңгізуді оған құқылы педагогикалық кеңес қабылдайды және мекеменің директоры бекітеді.
      3. Осы Ереже шектеусіз мерзімге қабылданады. Ереженің жаңа нұсқасы қабылданғанда ескі  нұсқасы  күшін  жояды.
      1. Бөлімнің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қызметтері

       

      Мақсаты

      Білім алушыларға экологиялық бағытта қосымша білім мен тәрбие беру олардың  экологиялық мәдениеттілігі мен сауаттылығы көтеру арқылы экологиялық түсінік қалыптастыру. Экологиялық бағытта түрлі іс-шаралар аясында өлкеміздің экологиялық проблемаларына көңіл аудару арқылы олардың шешімін табу жолдарын үйрету.

      Міндеттері

      1. «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ қызметінің дамуына үлес қосу.
      2. Экологиялық бағытта қосымша білім мен тәрбие беруді дамыту.
      3. Балаларға экологиялық бағытта қосымша білім мен тәрбие беру.
      4. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
      5. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.
      6. Қосымша білім мен тәрбие беруде экологиялық әралуан аспектілері  бойынша көмекші оқу құралдарын даярлау.
      7. Білім алушылардың түрлі деңгейлердегі іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету.

      Қызметтері

      1. Жоспарлаушы
      2. Ұйымдастырушы
      3. Кеңес беруші
      4. Әдістемелік көмек көрсетуші
      5. Бақылаушы
      6. Талдаушы
      7. Ақпараттық
      1. Бөлім қызметінің мазмұны мен негізгі бағыттары

       

      Бөлімнің қызметінің  бағыты бойынша білім беру үдерісін жетілдіру, қосымша білім беру бағдарламаларын, жоспарларын шығармашылық пен жұмыс істеу қызметінің түрі мен әдістерін, педагог қызметкерлердің шеберлігін іске асыру және іс-шаралар өткізуге  

      бағытталған жұмыстарды ұйымдастырады.

      Жоспарлаушы

      1. Атқарылатын жұмыстардың жоспарларын даярлау (бөлімнің жұмыс жоспары, бөлімнің әдістемелік жұмыс жоспары және т.б.).
      2. Қосымша білім беру педагогтарының жоспарларын даярлау.
      3. Мектептегі каникул күндері мен мерекелік іс-шараларына сәйкес мекеменің жұмыс жоспарын даярлауға көмектесу.
      4. Бос уақытты тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін құжаттамаларды даярлау.
      5. Балаларға қосымша білім беру тиімділігін арттыру мақсатында мекемедегі өткізілетін жұмыстарды жоспарлауға қатысу.

      Ұйымдастырушы

      1. Педагог қызметкерлер мен білім алушыларға экологиялық бағыттағы көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру.
      2. Бөлімдегі педагог қызметкерлердің аттестаттаудан өтуі мен түрлі байқауларға қатысуын ұйымдастыру.
      3. Экология бойынша бағдарламаларды даярлауда мекеме педагогтарына әдістемелік көмек ұйымдастыру.
      4. Экологияға байланысты бағдарламаларының ақпараттық банкін, басқа да әдістемелік материалдарды пайдалануды ұйымдастыру.
      5. Экологиялық бағытта қосымша білім мен тәрбие мәселелері бойынша балалар мен ата-аналар арасында ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізу.
      6. Балаларға экология бағытында түрлі мекемелермен, ассоциациялармен және қоғамдық ұйымдармен іскерлік ынтымақтастық пен мекемеаралық өзара әрекеттестікті іске асыру.

      Кеңес беруші

      1. Экология бойынша педагогикалық қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету.
      2. Жас мамандарға кеңес беруді ұйымдастыру:
      • Экологиялық бағыт бойынша білім беру мекемелері мен басқа да ұйымдарға кеңес беру және көмек көрсету;
      • Мектептердегі экологияға жауапты педагогтар үшін тақырыптық семинарлар ұйымдастыру;
      • тәжірибе алмасу мақсатында дөңгелек үстелдер, слеттер, фестивальдар және т.б. көпшілік іс-шараларды өткізу.
      1. Семинарлар, шеберлік сыныптар өткізуде әдістемелік кеңес беру арқылы педагог мамандардың біліктілік деңгейін арттыру.

      Әдістемелік көмек көрсетуші

      1. Бөлімдегі педагогтардың әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру, іздеу-зерттеу жоба жұмыстарын жүргізуге жағдайлар жасау.
      2. Экология бойынша қосымша білім мен тәрбие берудің  жаңа технологияларын игеру.
      3. Экология бағытындағы іздеу-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды үйлестіру.
      4. Әдістемелік материалдарды, ұсыныстарды, жоба жұмыстарының жинағын, конференция, семинар материалдарын, экология бойынша ақпараттық материалдарды даярлап, баспадан шығару.

      Бақылаушы

      1. Экологиялық бағыттағы ашық іс-шараларды даярлау және өткізу, өзара тәжірибе алмасу сабақтарына ену.
      2. Бөлімдегі педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру.
      3. Бөлімдегі педагогтармен сауалнама жүргізіп, әңгімелесу.
      4. Бөлімдегі үйірме топтарындағы білім беру үдерісіне әдістемелік бақылау жүргізу.
      5. Бөлім педагог қызметкерлерінің экологиялық білімділігін талдау.
      6. Бөлімнің экология бағытына байланысты бағдарламалар мен жоспардың орындалуын бақылау.
      7. Экология бойынша түрлі деңгейдегі байқауларға қатысқан білім алушылардың іздеу-зерттеу жоба жұмыстарына сараптама жүргізу.
      8. Бөлім қызметінің нәтижелері бойынша талдау және есеп беру материалдарын жинақтау.

      Талдаушы

      1. Экологиялық бағытындағы өткізілген іс-шаралар мен әдістемелік жұмыстың нәтижелерін қарастыру және талдау, оны жетілдіру жолдарын анықтау.
      2. Оқу процесінде педагогтарда туындайтын қиындықтарды айқындау.
      3. Бөлім қызметіндегі оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелері, жыл басындағы есептің статистикалық мәліметтері жөніндегі ақпараттарды жинақтау және өңдеу.
      4. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату.
      5. Бөлім қызметінің дамуына тиімді ұсыныстарды даярлау.

       

       

       

      Ақпараттық

      1. Бөлімнің қызметі бойынша педагогикалық ақпарат банкін құрады (нормативті-құқықтық, әдістемелік және т.б.)
      2. Бөлімде өткізілген іс-шаралардың нормативті-құқықтық құжаттары мен әдістемелік материалдар банкін, электронды тасымалдағыштардағы мәліметтер базасын құру және толықтыру жұмыстарын жүргізу.
      3. Педагогтарды экологиялық бағытта қосымша білім берудің жаңа бағыттарын, білім бағдарламаларының мазмұнын, жаңа әдістемелік құралдар жөнінде ақпараттандыру.
      4. Білім беру жүйесіндегі жетістіктер, инновациялық үдерістер мен туристік мәселелер жөнінде ақпараттар беру.
      5. Қалалық, республикалық және халықаралық іс-шараларды жүргізу шарттары жөнінде ақпараттар беріп отыру.
      6. Педагогтар қызметіндегі материалдарды сұрыптау және өңдеу.
      7. Экологиялық бағытындағы әдебиеттер көрмесін ұйымдастыру, мақалаларға аңдатпа жазу, әдебиеттерге ауызша, жазбаша шолу жүргізу.
      8. Мекеме жұмысының педагогикалық тәжірибесі мен зерттеулері нәтижесін жинақтау.
      1. Ұйымдастыру құрылымы

       

      1. Бөлім құрылымы мен саны штаттық кестеге сәкес бекітіледі.
      2. Экология бөлімінің меңгерушісі – бөлім жұмысына жетекшілік жасайды, педагог қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді, оларға ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстарына жетекшілік жасайды. Бөлімге жүктелген міндеттерді мекеме әкімшілігін бұйрықтарын, ұйғарымдары мен тапсырмаларын орындауға міндетті.
      3. Бөлімнің барлық қызметкерлерінің іс-әрекеті олардың лауазымдық міндеттеріне, бөлімнің жұмыс жоспарына, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Бөлімнің құрылымдық құжаттары белгіленген іс-номенклатурасына сәйкес жүргізіледі.
      5. Бөлім қызметінің ішкі тәртібін бақылау, мекемеішілік бақылау қызметі жөніндегі Ереже негізінде жүзеге асырылады.
      6. Бөлім құрылымы директор ұсынысымен, өкілетті ұйымның келісімі бойынша құрылады, таратылады, қайта құрылады.
      1. Бөлім міндеттемелері
      1. Бөлім жұмысының жоспарын даярлау, орындалған іс-шаралардың құжаттарының есебін

            жүргізу.

      1. Бөлімнің жоспары бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, әдістемелік жұмыстарды       

           талапқа сәйкес жүргізу. 

      1. Педагогикалық және әдістемелік кеңестер жұмысына қатысу.
      2. Өз біліктіліктерін жүйелі түрде көтеру.
      3. Озат тәжірибені тарату.
      4. Бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібі мен өндірістік тәртіпті сақтау.
      5. Бөлімнің құнды мүліктерін тиімді пайдалану және сақтау.
      6. Бөлімдегі мүліктердің сақталуын қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
      7. Тірі табиғат мүйісінің ережесіне сәйкес жұмыс жүргізу.
      1. Бөлім құқықтары

       

      1. Оқыту құралдары мен әдістерін, балаларды оқытудағы тұлғалық-бағдарланған тәсілдерді барынша толық қамтамасыз ететін жаңа әдістемелер мен технологияларды, ақпаратқа еркін қол жеткізу құқығын таңдау.
      2. Білім беру қызметін іске асыру мен дамыту бойынша Мекеме жұмысына қатысу.
      3. Бөлім қызметіне байланысты педагогикалық қызметкерлер іс-әрекетін бақылау.
      4. Білім-тәрбие үдерісі мен бөлім қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
      5. Басқа құрылымдық бөлімшелерден лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті ақпараттарды сұрау.
      6. Мекемеде өткізетін іс-шараларға қатысу.
      7. Мекеме әкімшілігі алдында ынталандыратын мадақтаулар, атаққа ұсыныстар беру.
      8. Педагог қызметкерлерге көмек ретінде ұйымдастырушылық-әдістемелік материалдарды белгіленген тәртіпте басып шығару.
      9. Бөлім қызметі арқылы мекеменің мүдделерін басқа ұйымдар мен инстанцияларға таныту.
      1. Бөлім жауапкершілігі

       

      1. 1. Осы Ережеде бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтердің сапалылығына, дер кезінде орындалуына толық жауапкершілік бөлім меңгерушісіне жүктеледі.
      2. 2. Экология бөлімінің қызметкерлері мыналарға жауапты:
      • ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға;
      • лауазымдық міндеттемелерді орындауға;
      • бөлім мүлкін сақтауға;
      • қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға;
      • даярланған ақпараттық, нормативті-құқықтық, әдістемелік материалдардың
      • сапасына;
      • туған өлкенің табиғат орындарына жасалатын экскурсиялық бағыттарының талапқа сәйкес дұрыс жасалуына;
      • өткізілген іс-шаралардың сапалылығына.
      1. Экология бөлімінің меңгерушісі болмаған жағдайда оның міндеттемелері директор

          бұйрығымен бөлім қызметкерлерінің біріне жүктеледі.

      1. Басқа бөлімшелермен және ұйымдармен өзара әрекеттестік

       

      1. Бөлім өз жұмысында мекеменің басқа бөлімшелерімен, білім, ғылым және мәдениет мекемелерімен, балаларға арналған қосымша білім беру мекемелерімен және Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен, кәсіпорындармен, қоғамдық ұйымдармен, Экология департементі, Табиғатты қорғау басқармасы мен мекемелері, БАҚ өкілдерімен өзара бірлесіп жұмыс атқарады.
      2. Басқа ұйымдармен және мекемелермен ынтымақтастық негізінде келіссөздер жасалады.

       

      1. Бөлім құжаттамалары
      2. Бөлімнің құжаттамалары қызмет бағыттарына және нормативтік-құқықтық талаптарға сәйкес жүргізіледі:
      • Бөлім өз қызметінде қолданатын нормативтік құжаттар;
      • Қосымша білім беру мекемелері жөніндегі типтік ережелер;
      • Ішкі еңбек тәртіп ережесі;
      • «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ стратегиялық даму бағдарламасы;
      • Жеке құрам бойынша директордың негізгі бұйрықтары;
      • Бөлім қызметі жөніндегі Ереже;
      • Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттемелері;
      • Мекеменің жылдық жұмыс жоспары, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарлары
      • Күнтізбелік жұмыс жоспары;
      • Жұмыс есебінің талдауы ( жарты жылдық, оқу жылы үшін);
      • Педагог қызметкерлердің оқу жылындағы жұмысының есебі;
      • Мекеме қызметі жөніндегі көпшілік ақпарат құралдар баспасының материалдары;
      • Бөлім кеңесінің хаттамалары, оларға қосалқы құжаттар;
      • Педагог қызметкерлердің ашық іс-шаралар жүргізу кестесі;
      • Педагогтардың сабаққа енуін есепке алу журналы;
      • Әдістемелік құралдар (ақпараттық-жарнамалық: буклеттер, кітапшалар) шығаруды есепке алу журналы.
      • Экология туралы нормативтік –құқықтық құжаттар, нұсқаулықтар;
      • Конференцияларды, кеңестерді, семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі құжаттар;
      • Ақпараттық-әдістемелік және талдау материалдары;
      • Фото, бейне және басқа да материалдар;
      • Іс-шараларды есепке алу журналы;
      • Әдістемелік материалдар, ұсыныстар мен оқу-әдістемелік құралдар;
      • Педагогикалық жұмыскерлерді аттестаттау бойынша метариалдар;
      • Техникасы қауіпсіздік ережесі, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау бойынша нұсқаулықтар;
      • Бөлім және оның қызметкерлері алған мадақтаулар, алғысхаттар, дипломдар, сыйлықтар, кубоктар;
      • Үйірме топтарының білім бағдарламаларының мәліметтер банкі;
      • Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру құжаттамалары.