Экология бөлімі

«Жас зерттеушілер» қосымша білім беру бағдарламасы

Қосымша білім беру педагогы

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін,жылдам өзгеріп жатқан бугінгі дүниеге лайықты өмір суріп,қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр

Зерттеу жұмыстарын жүргізу – білім алушыларды адамзат пен табиғат арасындағы қарым – қатынастардың негізгі ұғымдар мен материалдық қажеттіліктерді өтеу барысындағы туындайтын қарама-қайшылықтармен және табиғи жүйелердің даму заңдылықтарымен, қоршаған орта ресурстарының және оларды пайдалану ерекшеліктерінен болатын құбылыстарымен таныстырады.

Ғылыми–зерттеу қызметі шындықты меңгерудің құралы болып табылады және оның негізгі мақсаттары ақиқатты анықтау, ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін дамыту, тез өзгеретін өмір сүру жағдайларына бейімделу, ізденушілік ойлау стилін қалыптастыру болып табылады.  

Бағдарламаның түрі-түрлендірілген.

Бағыты: экология-биологиялық.

Өзектілігі:

Бағдарлама қазіргі жаратылыстану және экологиялық тәрбие тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. Осы бағдарлама бойынша оқыту зертханалық және практикалық жұмыстар, интерактивті семинарлар, зерттеу жүргізу түрінде жүзеге асырылады. Табиғатта зерттеу жүргізуге болады. Оқу жылы бойы білім алушылар жобалау және зерттеу жұмыстарымен айналысады, қалалық конкурстарға қатысады. Еркін таңдауды қамтамасыз ете отырып, білім алушылардың практикалық қызметінің түрлі нұсқаларын таңдау мүмкіндігі бар зерттеу және жобалау қызметінің тақырыптары, бұл, әрине, дамуды көздейді білім алушылардың дербестігі мен креативтілігі, өзін-өзі оқытуға мотивациясын арттырады, әдеби көздермен жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану.

Бағдарламаның мақсаты:

Білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын, ғылыми ізденіс пен зерттеу жұмыстарын өз еркімен меңгертуге, интеллектуалдық-шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасау.

Бағдарламаның міндеттері:

Білімділік: Зерттеушілік іс-әрекетті жүргізе білуге, жаңа білім алуға, алған білімдерін түсіндіруге және сипаттауға, алған білімдерін, оның ішінде тәжірибенің жаңа салаларында қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеуге үйрету. Өз жұмысының нәтижелерін таныстыру дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Мәселені қоя білу қабілетін дамыту, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау, өз қызметінің нәтижелеріне жауапкершілікті дамыту.

Тәрбиелік: Шығармашылыққа деген сүйіспеншілікті, әртүрлі халықтардың зерттеуші ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық пен құрметке тәрбиелеу, ұқыптылыққа, бастаған ісін соңына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Бағдарлама мазмұнының негізгі принциптері

Оқыту экологиялық білім беру принциптеріне негізделеді: 

– ғылымилық және мүмкінділік принципі;

– қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауын дамытуда көрнекілік және практикалық бағытталу принципі;

-қоршаған әлемнің бірлігін қалыптастыратын жүйелілік және біртұтастылық принципі;

-әрбір жас ерекшелік кезеңдерін пайдалануға мүмкіндік беретін үздіксіздік принципі; 

– жеке тұлғалық бағытталу принципі.

Бұл қосымша білім беру бағдарламасының айырықша ерекшелігі  сол,ол экологиялық орталық базасында және мектеп жағдайына бейімделген. Бейімделу шеңберінде білім беру үрдісі, білімді игеру танып-білу және шығармашылық үрдісінің диагностикасы орталық базасындағы оқу-тәжірибе теліміндегі, орталықтың өсімдіктер мен тірі табиғат мүйісін  тану арқылы жүргізіледі.

«Жас флорист» қосымша білім беру бағдарламасы

 Қосымша білім беру педагогы

Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас флорист» үйірмесінің бағдарламасы бойынша сабақ барысында білім алушылар түрлі тапсырмаларды орындайды. Флора әлеміне бақылау жүргізумен қатар гүлдер түрлерін көбейту бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізеді. Сонымен қааатттар білім алушылар  экологиялық тәрбие алады, еліміз бен қаламыздың және өңіріміздегі экологиялық ахуалдарымен  танысып, салауатты өмір салты негізінде өмір сүруге бейімделеді.

Флористика өнерінің шығармашылық негіздерін үйрену арқылы, қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастырады.

Бағдарлама түрі: түрлендірілген.

Бағыты: табиғат және жаратылысану

Өзектілігі:

Балалар мен  жасөспірімдердің табиғат сұлулығына,  әсемдікке деген зейінін аудару. Өсімдіктер әлемінің күрделілігі мен байлығын көрсету, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Білім алушыларды еңбекке баулу, олардың ой-өрісін дамыту.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде флористика өнерінің маңызы зор. Гүлпаздық, көгалдандырушы, гүл кеңесшісі, флорашы мамандықтарын меңгеру ерешеліктері: жаңа технологиялардың әр түрлі әдіс – тәсілдерді пайдаланылады, әңгімелесу, өзіндік жұмыстар жүргізу, табиғатты бақылау, биологиялық тақырыптар бойынша ойындар өткізіледі.

Экологиялық білімді тәжірибемен ұштастыру барысында білім алушылар гүлдерді кептіру, табиғи материалдармен жұмыс, гүлдер аранжировкаларын құрастырады, түрлі материалдардан аппликация, дәнді-дақылдардан панно, тұзды қамырмен әр түрлі жұмыстар жасайды және тәжірибелік телімдерде зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Сабақты жүргізуде жұмыстың әр түрлі формалары мен әдістерін қолдануға болады: жеке, топтық, жалпы.

Жаңашылдығы:

Шығармашылыққа қызығушылық таныта отырып, балалар әсем кәде сыйларды жасауды үйренеді. Флористика өнерінің маңыздылығы арқылы гүлдерден гүл десте жасау, безендіру жолдарын үйренеді.

Бағдарламаның мақсаты:

Білімділік: Білім алушыларды белсенді білім алу дағдысына тарту, оқу-танымдық іскерліктері мен ой-өрісін кеңейту. Туған өлке табиғатына деген қызуғышылықтарын оята отырып қоршаған ортаны көркейту, көгалдандыру және қорғау сезімдерін қалыптастыру. Шығармашылық жұмысқа деген қабілеттерін ояту.

Дамытушылық: Экологиялық ой-санасы үйлесімді қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеуде балалардың өзара жақындасуын, ынтымақтастық, ойлау қабілетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін, бастаған іске деген жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік: өз отанын қорғау, табиғатына жанашырлықпен қарап қамқор бола білуге, экологиялық мәселелерді болдырмауға және оны шешу жолдарын таба білуге,флористика өнерін жандандыруға тәрбиелеу.

 «Жас натуралист» қосымша білім беру

Қосымша білім беру педагогы

Жас натуралист- жас ұрпақтың туған өлке туралы білімін тереңдететіп əрі байытатын, Отанға деген махаббатқа тəрбиелейтін, азаматтық түсінік жəне білім қалыптастыратын іс, əрі туған өлкені, шағын аумақтарды жан-жақты оқып білумен жəне зерттеумен айналысатын жұмыстар жиынтығы болып табылады. Туған өлкенің табиғаты мен тұрғылықты жердегі халықтардың кəсіптік ерекшелігін, өлке тарихы мен халықтардың даму тарихын, этнографиялық ұлттық ерекшеліктері мен өнерін, мəдениетін т.б. қамтиды. «Жас натуралист» үйірмесінің бағдарламасы оқушының тек өзінің туған жерін оқытып ғана қоймай мəдени деңгейін көтеруге тарихқа, экология, өлкетануға деген қызығушылығын көтеруге баули отырып, ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа, ғылыми-ізденімпаздыққа бастап, таным кеңістігі мен ой- өрісін кеңейтуге, шығармашылық қабілетін арттыра отырып іс-тəжірибе жинақтауға, алдағы уақытта өзі сүйетін мамандықты дəл таңдауға көмектеседі. Сабақ процесінде жаңа технология әдістерін қолдану арқылы өз ойларын еркін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, белсенді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған білім алушылар қалыптасады.

Бағыты:табиғат және жаратылыстану

Бағдарламаның түрі – түрлендірілген. 

Өзектілігі

«Жас натуралист» үйірмесінің бағдарламасында білім алушыларға (өсімдіктермен жануарларға бақылау жүргізу,өсімдіктер мен жануарларды күту) білім алушылар биология туралы, табиғат және табиғат құбылыстары туралы білім дағдыларын, табиғатты сақтауға және өсімдіктер мен жануарлар дүниесін танып, қамқор бола білуді қарастыру.

Сонымен қатар білім алушыларға  экологиялық білім мен тәрбие бере отырып, қоршаған ортаға бақылау жасай білуді, тәжірибелік жұмыстарды жасай білуді үйрету.

Бағдарламаның мақсаты:

Білімділік: Өсімдік және жануарлар әлемінің күрделігі мен байлығын көрсету Қазақстанның, туған өлкесінің табиғатын, орналасу мен даму тарихы туралы білім бере отырып,флора және фауна әлемін сақтауға деген қызығушылық жеке қасиеттерін, өз білімін көтере білуге деген ынта-жігерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Білім алушылар арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату, білімді өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу арқылы қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру, белсенділікті дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны танып, қамқор бола білумен қатар мектеп ауласында, көшелерде тазалық сақтауға, салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу.

Бағдарламаның міндеттері:

  • қоршаған орта мен адамзат арасындағы үйлесілімділікті сәйкестендіру;
  • қоршаған ортаның ластануына жол бермеу;
  • экологиялық жағдайларға мән беру және экологиялық мәселелерді шешу;
  • адамның іс-әрекетіне баға беру және адам денсаулығын сақтау;
  • табиғат қорғаудың экологиялық негіздерін білу;
  • білім алушылардың натуралист мамандығына қызығушылықтарын оята отырып жан-жақты білімін кеңейту;
  • өз өлкесінің табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігімен, халқы және халықтың тарихы және мәдениетімен танысу;
  • жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылығын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарымызды бағалай білетін, өз өлкесінің дамуына  белсенді түрде қатысып үлес қоса білетін Қазақстан азаматын тәрбиелеу.

«Жасыл клуб» қосымша білім беру бағдарламасы

Қосымша білім беру педагогы

Жасыл клуб-білім алушылардың табиғатқа деген құндылық көзқарасын қалыптастыру, экологиялық білім деңгейін арттыру, балалардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша хабардар болуы, өскелең ұрпақтың табиғатқа жауапкершілікпенқарауына тәрбиелеу, экологиялық сауатты мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады. «Жасыл клуб» үйірмесінің бағдарламасы білім алушыныңқоршаған ортаны қорғауға, ғылыми энергия және ресурс үнемдеу жобаларына, StartUP және экология саласындағы бизнес жобаларға қызығушылық таныта отырып, ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа, ғылыми-ізденімпаздыққа бастап, таным кеңістігі мен ой- өрісін кеңейтуге, шығармашылық қабілетін арттыра отырып іс-тəжірибе жинақтауға, алдағы уақытта өзі сүйетін мамандықты дəл таңдауға көмектеседі. Сабақ процесінде жаңа технология әдістерін қолдану арқылы өз ойларын еркін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, белсенді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған білім алушылар қалыптасады.

Бағыты:табиғат және жаратылыстану

Бағдарламаның түрі – түрлендірілген. 

Өзектілігі: «Жасыл клуб» үйірмесінің бағдарламасында білім алушыларға жас ерекшеліктеріне қарамастан, экологиялық тәрбие бере отырып, білім алушылардың игерген білімі,біліктілігі мен дағдысы деңгейлерін одан әрі жүйелеп жетілдіру, тілі мен ойын, зейіні мен зердесін дамыту, бақылау мен танымдық саяхатты ұйымдастыру.

Сонымен қатар білім алушыларға  экологиялық білім мен тәрбие бере отырып, қоршаған ортаға бақылау жасай білуді, тәжірибелік жұмыстарды жасай білуді үйрету.

Бағдарламаның мақсаты:

Білімділік: Білім алушылардың жоғары экологиялық мәдениеті мен білімін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуде білім алушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру арқылы өз білімін көтере білуге деген ынта-жігерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Білім алушылар арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату, білімді өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу арқылы қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру, белсенділікті дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны танып, қамқор бола білумен қатар мектеп ауласында, көшелерде тазалық сақтауға, салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу.

Бағдарламаның міндеттері:

  • қоршаған орта мен адамзат арасындағы үйлесілімділікті сәйкестендіру;
  • қоршаған ортаның ластануына жол бермеу;
  • экологиялық жағдайларға мән беру және экологиялық мәселелерді шешу;
  • білім алушыларда экологиялық бағдарланған мінез-құлықты қалыптастыру және тұрақты даму мәселелерін шешуде практикалық дағдыларды игеру;
  • мектептердің жұмыс тәжірибесіне биологиялық әртүрлілікті сақтау, энергия үнемдеу, су үнемдеу, қалдықтармен жұмыс істеу, қоршаған орта мен атмосфералық ауаның мониторингі жөніндегі іс-шараларды енгізу;
  • қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша педагогтерді, білім алушыларды және олардың заңды өкілдерін хабардар ету;
  • өңірлік «Жасыл клубты» Республикалық «Жасыл клубтар» желісіне біріктіру;
  • «Жасыл клуб» мен табиғатты қорғау ұйымдары, экологиялық үкіметтік емес ұйымдар, бизнес өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Бағдарлама мазмұнының негізгі принциптері

Оқыту экологиялық білім беру принциптеріне негізделеді: 

  • ғылымилық және мүмкінділік принципі;
  • қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауын дамытуда көрнекілік және практикалық бағытталу принципі;
  • қоршаған ортаның бірлігін қалыптастыратын жүйелілік және біртұтастылық принципі;
  • жеке тұлғалық бағытталу принципі;

− жүйелілік, бағдарлама құрылымдарының  бір-бірімен тығыз байланысты ішкі ой үйлесімділік құрылымының болуы;

−қолжетімділік, жалпы білім беру мазмұны білім алушылардың жас ерекше-лігіне орай іріктеп алуды іске асырады;

−бағдарлама құрылымының негізгі жоспарлы, жүйелілігі арқылы білім алушылар білімді тұтас, үзіліссіз, əр түрлі деңгейде ала алады.

Бұл қосымша білім беру бағдарламасының айырықша ерекшелігі ол экологиялық орталығы базасында және мектептерде  білім беру жағдайына бейімделген. Білім беру үрдісі, білімді игеру танып-білу және шығармашылық үрдісінің диагностикасы оқу-тәжірибелік телім, тірі табиғат бұрышы және түрлі аумақтарға, қоғамдық орындарға танымдық саяхаттар жасау арқылы жүргізіледі.

Білім беру бағдарламасын іске асыруда қатысатын балалардың жас ерекшелігі 10-15жас.

Жасөспірімдердің әр түрлі нәрсені білуге ұмтылуы өзіндік құзыреттілік пен толық құндылық сезімдерін дамытуға мүмкіндік береді.

 «Жасыл желек» үйірмесі

 Қосымша білім беру педагогы

Жасыл желек – білім алушылардың табиғатқа деген құндылық көзқарасын қалыптастыру, экологиялық білім деңгейін арттыру, балалардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша хабардар болуы, өскелең ұрпақтың табиғатқа жауапкершілікпен қарауына тәрбиелеу, экологиялық сауатты мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады. «Жасыл  желек» үйірмесінің бағдарламасы білім алушыныңқоршаған ортаны қорғауға, ғылыми энергия және ресурс үнемдеу жобаларына, StartUP және экология саласындағы бизнес жобаларға қызығушылық таныта отырып, ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа, ғылыми-ізденімпаздыққа бастап, таным кеңістігі мен ой- өрісін кеңейтуге, шығармашылық қабілетін арттыра отырып іс-тəжірибе жинақтауға, алдағы уақытта өзі сүйетін мамандықты дəл таңдауға көмектеседі.

 Сонымен қатар экологиялық құқық мәселелеріне қалыптасқан аймақтар тобы, табиғат байлықтарын тиімі игеру, тіршілік иелерінің  экологиясын қорғауға баулуды жас ұрпақ бойына дарытуды қалыптастыру.

Жер бетіндегі өсімдіктер әлемін,  оның ішінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер түрлерімен таныстыру.

Қазіргі дамыған заманында тәрбие мен білім берудің негізі- адам мен табиғаттың  қарым-қатынасын  жетілдіру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие берудің  маңызы  зор. Қоршаған  ортаны  аялауға  деген  адамның  саналы  көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

Сабақ процесінде жаңа технология әдістерін қолдану арқылы өз ойларын еркін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, белсенді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған білім алушылар қалыптасады.

Бағдарламаның түрі-түрлендірілген.

Бағыты: экология-биологиялық.

Өзектілігі: «Жасыл желек» үйірмесінің бағдарламасында білім алушыларға жас ерекшелігіне қарамастан, экологиялық   білім  мен тәрбие бере отырып, Жасыл желек бағдарламасы туралы түсінік қалыптастыру, экологияның ластануының алдын алу шаралары, өсімдіктер дүниесін  күтіп, баптау.

Жалпы өсімдіктер дүниесімен, соның ішінде Оңтүстік өңірде кездесетін дәрілік өсімдіктердің түрлерімен, емдік  қасиеттерімен таныстыру. Сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорғау. Үйірме білім алушыларына бақылау жүргізу және жоспарлау, бір-бірімен  қарым-қатынас жасауға,  проблемаларды  шешуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін жеткізе білетін,  ынталы, сенімді,  жүйелі  дамыған ұрпақ  қалыптастыру.

Бағдарламаның мақсаты:

Табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Әр  білім алушыға экологиялық білімді қалыптастыра отырып, денсаулықты сақтауға,экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етужолдарын үйрете отырып, табиғат байлықтарын ұтымды пайдаланып, жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Бағдарламаның міндеттері:

Білімділік:

– білім алушылардың білімділігін, танымдық қызығушылығын арттыру;

– сабақта экологиялық проблемаларды көтере отырып, ойлауқабілеттерін дамыту.

– табиғат заңдылықтарды меңгеру

– дағарыстан шығу жолдарын табуға дағдыландыру.

– ізденушілік,зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру.

– дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттерімен таныстыру;

– білім алушылардың өзін-өзі тануына және жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету;

– үйірме білім алушыларын экологиялық білімі мен оқу-тәжірибелік телімдегі  

 жұмыстарын жүргізу жолдарымен таныстыру;

Дамытушылық:

– білім алушылардың туған жеріміздегі өсімдіктер дүниесімен, соның  ішінде  дәрілік өсімдіктер түрлерімен танысу өз бетімен ізденуін  қалыптастыра отырып білімін дамыту;

– үйірме білім алушыларының дүниетанымын білімге деген  қызығушылығын ояту және ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту;

– білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

– табиғаттағы болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізінде баға беру. Оның себептерін терең түсінуге үйрете отырып экологиялық ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік:

– табиғатты сүюге, жасыл  әлемді  қорғауға, жасыл  өсімдіктерд  ысырапсыз пайдаланудан сақтауға тәрбиелеу;

– көгалдандыру  ісіне бағыттай  білуге  тәрбиелеу;

– таза ауада аман-есен өмір сүруге, оқушылар  бойынан  табиғатты  аялайтын жанашырларды тәрбиелеу;

– табиғатта өзін-өзі ұстай білу, мінез-құлық  дағдыларын  қатаң  сақтауға  тәрбиелей отырып  экологиялық  этикалық тәрбие беру;

«Экология ландшафтану» үйірмесінің бағдарламасы

 Қосымша білім беру педагогы

Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын ландшафтану ғылымы зерттейді. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында білім алушыларға рухани тәрбие беріп және оны насихаттау жұмыстарын жүргізіп, білім алушыларға табиғатты мейрімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен аялап бағалауды және қоршажәне қоршаған орта сұлулығына бақылау жасай білуді, тәжірибелік мөлектерде гүлдерден ландшавтық дизайын жасау жұмыстарын үйренеді.

«Экология ландшафтану» үйірмеснің бағдалмасаныда білім алушыларға табиғаттағы тірі және өлі құбылыстар жөнінде нақты деректемелер берумен қатар, табиғатты сақтауға және өсімдіктермен жануарлар дүниесіне қамқор бола білу қарастырылған. 

Сабақты жүргізуде жұмыстың әр түрлі формалары мен әдістерін қолдануға болады: жеке, топтық, жалпы. Олар теориялық, сарамандық жұмыстар, баяндамалар, рефераттар бола алады. Әрбір теориялық тақырыптың қорытындысы білім кесімі немесе тест түрінде болады. Оның әлеуметтік бағытталуы адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасында  және кең кәсіптік бағдар алуда  экологиялық көзқарас қалыптастыруда көрінеді. 

Бағдарламаның түрі – түрлендірілген.

Бағыты – табиғат және жаратылыстану.

Өзектілігі: «Экология ландшафтану» үйірмесінің бағдарламасында білім алушыларға жас ерекшеліктеріне қарамастан, экологиялық тәрбие бере отырып, білім алушылардың игерген білімі,біліктілігі мен дағдысы деңгейлерін одан әрі жүйелеп жетілдіру, тілі мен ойын, зейіні мен зердесін дамыту, бақылау мен танымдық саяхатты ұйымдастыру.

Бағдарламаның мақсаты: – табиғи объектілер туралы білімімізді жетілдіру.Бұл үйірменің қажеттілігі біріншіден табиғат ресурстарын дұрыс пайдалануға үйретеді. Бүгінгі ландшафтану ілімінің негізгі мақсаты әр түрлі пәндердің жиынтығы арқылы алынған материалдарды бір жүйеге келтіру.

Бағдарламаның міндеттері:

Білімділік:

  • білім алушылардың шығармашылық, танымдық жұмыспен айналасуына жағдай жасау;
  • білім алушыларды экологиялық білімдерін иегере отырып, табиғатқа деген жанашырлықтарын, экологиялық сауаттылық шыңдау.
  • Флора және фауна әлемін сақтауға, Қазақстанның географиялық орналасу ландшафты туралы білім алуға, өз білімін көтере білуге деген ынтасын қалыптастыру.

      Дамытушылық:

  • білім алушылардың өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, ынтасын арттыруға, бойындағы қабілетіне сай білімін тереңдетуге ықпал ету;
  • ой өрісін дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру;
  • табиғаттағы болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізде баға беру. Оның себептерын терең түсінуге үйрете отырып экологиялық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

  • Табиғатқа қамқор бола білумен қатар қоршаған ортаға, көшелерге, қоғамдық орындарға ландшавтық дизаин жасау өнеріне, салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу.
  • табиғатта өзін –өзі ұстай білу, мінез-құлық дағдыларын қатан сақтауға тәрбиелей отырып экологиялық тәрбие беру.

Программа дополнительного образования «Экопоиск»

 Педагог дополнительного образования

В понятии окружающей среды отражено единство взаимосвязи человека и общества с природой. Человек в определенном смысле является продолжением природы, в то же время он является силой преобразования природы. В отличие от животных сообществ, люди взаимодействуют со средой, как организмы, сознательно изменяющие ее для создания материальных благ. Все процессы в биосфере взаимосвязаны. Процессы эти изучает наука «Экология».Человечество – лишь незначительная часть биосферы, а человек является лишь одним из видов органической жизни – Homo sapiens (человек разумный). Разум выделил человека из животного мира и дал ему огромное могущество. Человек на протяжении веков стремился не приспособиться к природной среде, а сделать ее удобной для своего существования. Теперь мы осознали, что любая деятельность человека оказывает влияние на окружающую среду, а ухудшение состояния биосферы опасно для всех живых существ, в том числе и для человека. Изучение человека, его взаимоотношений с окружающим миром в данной программе приводят к пониманию, что здоровье – это не только отсутствие болезней, но и физическое, психическое и социальное благополучие человека. Здоровье – это капитал, данный нам не только природой от рождения, но и теми условиями, в которых мы живем. Направление в программе эколого-биологическое.

Актуальность. Развитие интереса к экологии, активизация познавательной деятельности, способствует решению задач нравственного, патриотического и эстетического воспитания.

Особенности программы – осуществление развивающего воздействия на обучающихся, через формирование у школьников системы элементарных знаний и умений экологического характера, которые необходимы для дальнейшей успешной социализации обучающихся.

Новизна. В проведении занятий используются новые педагогические технологии: гуманно-личностные, сотрудничества, где акцент ставится на предоставление воспитуемому свободу выбора и самостоятельности, на реализацию равенства в отношениях педагога и ребенка, на поддержку личности. В программе осуществляется неразрывная связь теоретических и практических занятий. Для развития творческих способностей обучающихся проводятся различные мастер-классы экологической направленности и практические работы с природными материалами.

Формы и режим занятий:

Учебно-тематический план составлен исходя из нагрузки на одну учебную группу. Занятия проходят по 2 академических часа в неделю (30+30 минут).

Наполняемость групп до 6 человек. Возраст11-12 лет.