Өлкетану-экскурсия бөлімі

Бөлім қызметкерлері

  1. Таштанұлы Жәнібек – бөлім меңгерушісі
  2. Асанбек Ботагөз әбірбекқызы – әдіскер
  3. Кансейтова Аягоз Ордабековна – педагог-ұйымдастырушы

Бөлімнің қосымша білім беру педагогтары

  1. Алтеева Динара Сакеновна – «Жас өлкетанушы» үйірмесінің жетекшісі
  2. Елтай Ұлжалғас Есен – «Жас өлкетанушы-географ» үйірмесінің жетекшісі
  3. Касымкулова Эльмира Абубакировна – «Жас өлкетанушы-экскурсовод» үйірмесінің жетекшісі
  4. Қуаныш Елмира Әшірбайқызы – «Жас экскурсовод» үйірмесінің жетекшісі
  5. Есбергенова Альмира Сагданбековна – «Жас гид-экскурсовод» үйірмесінің жетекшісі
  6. Умирбекова Гаухар Алимкуловна – «Жас турист өлкетанушы» үйірмесінің жетекшісі
  7. Абдиоразова Айнұр Адилбековна – «Жас географ» үйірмесінің жетекшісі

ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

  Әдістемелік кеңес

отырысы

Хаттама № ________

«____»_____2024ж

 

 

         БЕКІТЕМІН

         Экология, өлкетану және туризм

         орталығы» КММ директоры   

         ___________  У.Ж.Камытбекова

         «______»________2024ж

 

 

Шымкент қаласы білім басқармасының

«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ

 

Өлкетану-экскурсия бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Өлкетану-экскурсия бөлімі Шымкент қаласы білім басқармасының «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын оқып үйрену, экскурсиялық іс-шаралар арқылы өлкені танып білу бағытында жұмыс жүргізеді.
  3. Бұл ереже Өлкетану-экскурсия бөлімінің негізгі мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын анықтайды.
  4. Өлкетану-экскурсия өз қызметінде мынадай заңнамаларды басшылыққа алады:
  • Қазақстан Республикасының Конституциясын;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
  • Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;
  • Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» заңы,
  • «Педагог мәртебесі» туралы Заңы;
  • Қазақстан Республикасының туристік қызметі туралы Заңы;
  • «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңы;
  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңы ;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы;
  • «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын;
  • Бiлiм беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтiк-құқықтық актiлерді;
  • Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығын;
  • “Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы (2021ж05.08. № ҚР ДСМ-76);
  • Экскурсияны ұйымдастыру туралы нұсқаулық ережелері (схемалар, технологиялық карталар);
  • Туристік жорық кезіндегі нұсқаулық ережелері;
  • Туристік жорықтың бағыты бойынша маршруттық карта;
  • Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жж арналған мемлекеттік бағдарламасы (2019ж 31.05 №360 );
  • Өлкетану-экскурсия бағыты бойынша оқу бағдарламалық құжаттамаларды;
  • Өлкетану-экскурсия бағыты бойынша оқу жабдықтарымен оқу әдістемелік құжаттамалық үлгілік тізбелері;
  • Еңбек, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын;
  • Санитарлық ережелер мен нормаларды;
  • Мекеменің Жарғысы  мен құқықтық актілерін.
  1. Бөлім қызметі осы Ереже, стратегиялық даму бағдарламасы мекеме директоры бекіткен жылдық, ағымдағы және болашақтағы жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.
  2. Өлкетану-экскурсия бөлімінің ережесіне толықтырулар мен өзгертулер еңгізуді оған құқылы педагогикалық кеңес қабылдайды және мекеменің директоры бекітеді.
  3. Осы Ереже шектеусіз мерзімге қабылданады. Ереженің жаңа нұсқасы қабылданғанда ескі  нұсқасы  күшін  жояды.

 

  1. Бөлімнің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қызметтері

Мақсаты

Білім алушыларға туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын экскурсиялық іс-шаралар арқылы оқып үйрету және туған өлкені сүюге тәрбиелеу.

Педагогтың кәсіби жетілуі мен білім алушылардың шығармашылық дамуына бағытталған ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйесін қалыптастыру және іске асыру арқылы,өлкетану және экскурсиялық бағытта қосымша білім мен тәрбие берудің сапасы мен тиімділігін арттыру.

Міндеттері

  1. «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ қызметінің дамуына үлес қосу.
  2. Өлкетану-экскурсиялық бағытта қосымша білім мен тәрбие беруді дамыту.
  3. Балаларға өлкетану және экскурсиялық бағытта қосымша білім мен тәрбие беруге жетекшілік жасайтын педагогикалық қызметкерлерге ақпараттық, әдістемелік көмек беру.
  4. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
  5. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.
  6. Қосымша білім мен тәрбие беруде өлкетану және экскурсиялық әралуан аспектілері бойынша көмекші оқу құралдарын даярлау.
  7. Білім алушылардың түрлі деңгейлердегі іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету.

Қызметтері

  1. Жоспарлаушы
  2. Ұйымдастырушы
  3. Кеңес беруші
  4. Әдістемелік көмек көрсетуші
  5. Бақылаушы
  6. Талдаушы
  7. Ақпараттық

 

  1. Бөлім қызметінің мазмұны мен негізгі бағыттары

 

  Бөлімнің қызметінің бағыты бойынша білім беру үдерісін жетілдіру, қосымша білім беру бағдарламаларын, жоспарларын шығармашылық пен жұмыс істеу қызметінің түрі мен әдістерін, педагог қызметкерлердің шеберлігін іске асыру және іс-шаралар өткізуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастырады.

 

Жоспарлаушы

  1. Атқарылатын жұмыстардың жоспарларын даярлау (бөлімнің жұмыс жоспары, бөлімнің әдістемелік жұмыс жоспары және т.б.).
  2. Қосымша білім беру педагогтарының лауазымдық міндетіне сәйкес атқарылатын жоспарларын даярлау.
  3. Мектептегі каникул күндері мен мерекелік іс-шараларына сәйкес мекеменің жұмыс жоспарын даярлауға көмектесу.
  4. Бос уақытты тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін құжаттамаларды даярлау.
  5. Балаларға қосымша білім беру тиімділігін арттыру мақсатында мекемедегі өткізілетін жұмыстарды жоспарлауға қатысу.

Ұйымдастырушы

  1. Педагог қызметкерлер мен білім алушыларға өлкетану, экскурсиялық бағыттағы көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру.
  2. Бөлімдегі педагог қызметкерлердің аттестаттаудан өтуі мен түрлі байқауларға қатысуын ұйымдастыру.
  3. Өлкетану, экскурсия бойынша бағдарламаларды даярлауда мекеме педагогтарына әдістемелік көмек ұйымдастыру.
  4. Өлкетану, экскурсияға байланысты бағдарламаларының ақпараттық банкін, басқа да әдістемелік материалдарды пайдалануды ұйымдастыру.
  5. Өлкетану, экскурсия бағытында қосымша білім мен тәрбие мәселелері бойынша балалар мен ата-аналар арасында ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізу.
  6. Балаларға өлкетану, экскурсия бағытында түрлі мекемелермен, ассоциациялармен және қоғамдық ұйымдармен іскерлік ынтымақтастық пен мекемеаралық өзара әрекеттестікті іске асыру.

Кеңес беруші

  1. Өлкетану, экскурсия бойынша педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету.
  2. Жас мамандарға кеңес беруді ұйымдастыру:
  • Өлкетану, экскурсиялық бағытта білім беру мекемелерімен басқа да ұйымдарға кеңес беру және көмек көрсету;
  • Мектептердегі өлкетануға жауапты педагогтары үшін тақырыптық семинарлар ұйымдастыру;
  • тәжірибе алмасу мақсатында дөңгелек үстелдер, слеттер, фестивальдар және т.б. көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру.
  1. Семинарлар, шеберлік сыныптар өткізуде әдістемелік кеңес беру арқылы педагог мамандардың біліктілік деңгейін арттыру.

Әдістемелік көмек көрсетуші

  1. Бөлімдегі педагогтардың әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру, іздеу-зерттеу жоба жұмыстарын жүргізуге жағдайлар жасау.
  2. Өлкетану, экскурсия бойынша қосымша білім мен тәрбие берудің жаңа технологияларын игеру.
  3. Өлкетану, экскурсиялық бағыттағы оқу-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды үйлестіру.
  4. Әдістемелік материалдарды, ұсыныстарды, зерттеу жоба жұмыстар жинағын, конференция, семинар материалдарын, өлкетану, экскурсиялық қосымша білім беру бойынша ақпараттық материалдарды даярлап, баспадан шығару.

Бақылаушы

  1. Өлкетану, экскурсиялық бағыттағы ашық іс-шараларды даярлап өткізу, өзара тәжірибе алмасу сабақтарына ену.
  2. Бөлімдегі педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру.
  3. Бөлімдегі педагогтармен сауалнама жүргізіп, әңгімелесу.
  4. Бөлімдегі үйірме топтарындағы білім беру үдерісіне әдістемелік бақылау жүргізу.
  5. Бөлім педагог қызметкерлерінің кәсіби дағдылары мен шеберліктерін, шығармашылық қабілеттіліктерін талдау.
  6. Бөлімнің бағытына байланысты бағдарламалар мен жоспардың орындалуын бақылау.
  7. Өлкетану, экскурсия бойынша түрлі деңгейдегі байқауларға қатысқан білім алушылардың іздеу-зерттеу жоба жұмыстарына сараптама жүргізу.
  8. Бөлім қызметінің нәтижелері бойынша талдау және есеп беру материалдарын жинақтау.

Талдаушы

  1. Өлкетану, экскурсиялық бағытындағы өткізілген іс-шаралар мен әдістемелік жұмыстың нәтижелерін қарастыру және талдау, оны жетілдіру жолдарын анықтау.
  2. Оқу процесінде педагогтарда туындайтын қиындықтарды айқындау.
  3. Бөлім қызметіндегі оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелері, жыл басындағы есептің статистикалық мәліметтері жөніндегі ақпараттарды жинақтап өңдеу.
  4. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату.
  5. Бөлім қызметінің дамуына тиімді ұсыныстарды даярлау.

Ақпараттық:

  1. Бөлімнің қызметі бойынша педагогикалық ақпарат банкін құрады (нормативті-құқықтық, әдістемелік және т.б.)
  2. Бөлімде өткізілген іс-шаралардың нормативті-құқықтық құжаттарымен әдістемелік материалдар банкін, электронды тасымалдағыштардағы мәліметтер базасын құру және толықтыру жұмыстарын жүргізу.
  3. Педагогтарды өлкетану, экскурсиялық бағытта қосымша білім берудің жаңа бағыттарын, білім бағдарламаларының мазмұнын, әдістемелік құралдар жөнінде ақпараттандыру.
  4. Білім беру жүйесіндегі жетістіктер, инновациялық үдерістер мен өлкетану мәселелер жөнінде ақпараттар беру.
  5. Қалалық, республикалық және халықаралық іс-шараларды жүргізу шарттары жөнінде ақпараттар беріп отыру.
  6. Педагогтар қызметіндегі материалдарды сұрыптау және өңдеу.
  7. Өлкетану, экскурсиялық бағытындағы пайдаланылатын әдебиеттер көрмесін ұйымдастыру, мақалаларға аңдатпа жазу, әдебиеттерге ауызша, жазбаша шолу жүргізу.
  8. Мекеме жұмысының педагогикалық тәжірибесі мен зерттеулері нәтижесін жинақтау.

 

  1. Ұйымдастыру құрылымы

 

  1. Бөлім құрылымы мен саны штаттық кестеге сәйкес бекітіледі.
  2. Өлкетану, экскурсия бөлімінің меңгерушісі – бөлім жұмысына жетекшілік жасайды, педагог қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді, оларға ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстарына жетекшілік жасайды. Бөлімге жүктелген міндеттерді мекеме әкімшілігін бұйрықтарын, ұйғарымдары мен тапсырмаларын орындауға міндетті.
  3. Бөлімнің барлық қызметкерлерінің іс-әрекеті олардың лауазымдық міндеттеріне, бөлімнің жұмыс жоспарына, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
  4. Бөлімнің құрылымдық құжаттары белгіленген іс-номенклатурасына сәйкес жүргізіледі.
  5. Бөлім қызметінің ішкі тәртібін бақылау, мекемеішілік бақылау қызметі жөніндегі Ереже негізінде жүзеге асырылады.
  6. Бөлім құрылымы директор ұсынысымен, өкілетті ұйымның келісімі бойынша құрылады, таратылады, қайта құрылады.

 

  1. Бөлім міндеттемелері
  2. Бөлім жұмысының жоспарын даярлау, орындалған іс-шаралардың құжаттарының есебін жүргізу.
  3. Бөлімнің жоспары бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, әдістемелік жұмыстарды талапқа сәйкес жүргізу.
  4. Педагогикалық және Әдістемелік кеңестер жұмысына қатысу.
  5. Озат тәжірибені тарату.
  6. Өз біліктіліктерін жүйелі түрде көтеру.
  7. Бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібі мен өндірістік тәртіпті сақтауы.
  8. Бөлімнің құнды мүліктерін тиімді пайдалану және сақтау.
  9. Бөлімдегі мүліктердің сақталуын қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

 

  1. Бөлім құқықтары

 

  1. Оқыту құралдары мен әдістерін, балаларды оқытудағы тұлғалық-бағдарланған тәсілдерді барынша толық қамтамасыз ететін жаңа әдістемелер мен технологияларды, ақпаратқа еркін қол жеткізу құқығын таңдау.
  2. Білім беру қызметін іске асыру мен дамыту бойынша мекеме жұмысына қатысу.
  3. Бөлім қызметіне байланысты педагогикалық қызметкерлер іс-әрекетін бақылау.
  4. Білім-тәрбие үдерісі мен бөлім қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
  5. Басқа бөлімдерден қажетті ақпараттарды сұрау.
  6. Мекемеде өткізетін іс-шараларға қатысу.
  7. Мекеме әкімшілігі алдында ынталандыратын мадақтаулар, атаққа ұсыныстар беру.
  8. Педагог қызметкерлерге көмек ретінде ұйымдастырушылық-әдістемелік материалдарды белгіленген тәртіпте басып шығару.
  9. Бөлім қызметі арқылы мекеменің мүдделерін басқа ұйымдар мен инстанцияларға таныту.

 

  1. Бөлім жауапкершілігі

 

  1. 1. Осы Ережеде бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтердің сапалылығына, уақытылы орындалуына толық жауапкершілік бөлім меңгерушісіне жүктеледі.
  2. 2. Өлкетану-экскурсия бөлімінің қызметкерлері мыналарға жауапты:
  • ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға;
  • лауазымдық міндеттемелерді орындауға;
  • бөлім мүлкін сақтауға;
  • техника және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға;
  • даярланған ақпараттық, нормативті-құқықтық, әдістемелік материалдардың
  • сапасына;
  • өткізілген іс-шаралардың сапалылығына;
  • туған өлкенің тарихи-мәдени нысандарына жасалатын экскурсиялық бағыттардың дұрыс жасалуына.
  1. Өлкетану-экскурсия бөлімінің меңгерушісі болмаған жағдайда оның міндеттемелері директор бұйрығымен бөлім қызметкерлерінің біріне жүктеледі.

 

  1. Басқа бөлімдермен және ұйымдармен өзара әрекеттестік

 

  1. Бөлім өз жұмысында мекеменің басқа бөлімдерімен, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен, жалпы білім беретін мекемелерімен, балаларға арналған қосымша білім беру мекемелерімен, қоғамдық ұйымдармен, БАҚ өкілдерімен өзара бірлесіп жұмыс атқарады. Сонымен қатар Шымкент қаласы туризм басқармасы және туристік бағыттағы мекемелермен, төтенше жағдайлар басқармасымен өзара әрекеттестікте жұмыс жүргізеді.
  2. Басқа ұйымдармен және мекемелермен ынтымақтастық негізінде мекеме әкімшілігінің рұқсатымен келіссөздер жасалады.

 

  1. Бөлім құжаттамалары
  2. Бөлімнің құжаттамалары қызмет бағыттарына және нормативтік-құқықтық талаптарға сәйкес жүргізіледі:
  • Бөлім өз қызметінде қолданатын нормативтік құжаттар;
  • Қосымша білім беру мекемелері жөніндегі типтік ережелер;
  • Ішкі еңбек тәртіп ережесі;
  • «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ стратегиялық даму бағдарламасы;
  • Жеке құрам бойынша директордың негізгі бұйрықтары;
  • Бөлім қызметі жөніндегі Ереже;
  • Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттемелері;
  • Мекеменің жылдық жұмыс жоспары, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарлары
  • Күнтізбелік жұмыс жоспары;
  • Жұмыс есебінің талдауы (жарты жылдық, оқу жылы үшін);
  • Педагог қызметкерлердің оқу жылындағы жұмысының есебі;
  • Мекеме қызметі жөніндегі көпшілік ақпарат құралдар баспасының материалдары;
  • Бөлім отырыс хаттамалары, оларға қосалқы құжаттар;
  • Педагогтардың сабаққа енуін есепке алу журналы;
  • Әдістемелік құралдар (ақпараттық-жарнамалық, кітапшалар) шығаруды есепке алу журналы.
  • Өлкетану, экскурсия туралы нормативтік –құқықтық құжаттар, нұсқаулықтар;
  • Конференцияларды, кеңестерді, семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі құжаттар;
  • Ақпараттық-әдістемелік және талдау материалдары;
  • Фото, бейне және басқа да материалдар;
  • Әдістемелік материалдар, ұсыныстар мен оқу-әдістемелік құралдар;
  • Педагогикалық жұмыскерлерді аттестаттау бойынша метариалдар;
  • Техника қауіпсіздігі ережесі, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау бойынша нұсқаулықтар;
  • Бөлім және оның қызметкерлері алған мадақтаулар, алғыс хаттар, дипломдар, сыйлықтар, кубоктар;
  • Үйірме топтарындағы қосымша білім беру бағдарламаларының мәліметтер банкі;
  • Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру құжаттамалары.